Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

"ЖАҺАНДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ САПАСЫ: ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ ҮРДІСТЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ"

2019 жылдың 19 тамызында "Жаһандық құндылықтары және қазақстандық білім берудің сапасы: Қостанай облысының білім беру жүйесін дамыту үрдістері мен перспективалары" атты тақырыбында Қостанай облысы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі өтті. Кеңес жұмысына «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БА институтының директоры Марионелла Васильевна Слесарь қатысты.

Тамыз кеңесі шеңберінде секциялық жұмыс өтті.  "Біліктілікті арттыру жүйесіндегі педагогтың кәсіби дамуының инновациялық ресурстары" көрмесі ұйымдастырылды, көрмеде "Өрлеу" Қостанай филиалы институт қызметінің басым бағыттарын: мектепке дейінгі оқыту, білім берудің жаңартылған мазмұны, латын графигі және робототехника ұсынды.

Көрме Мария Монтессори технологиясы бойынша көрнекі жұмысты, филиалмен әзірленген сандық білім беру ресурстарын көрсетуді қамтыды және робототехника бойынша сыныптың мүмкіндіктерімен жақынырақ таныстырды, сонымен қатар барлық қатысушыларға институттың тренерлері мен оқытушыларының әдістемелік құралдарының үлкен кітапханасымен есте қалды.

 Пленарлық отырыста облыс әкімі Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов құттықтау сөз сөйледі.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Василий Александрович Цымбалюк өз баяндамасында ҚР білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру бойынша қол жеткізілген нәтижелерге және одан арғы қадамдарға назар аудара отырып, облыстың білім беру жүйесін дамыту үрдістері туралы айтып өтті.

Пленарлық отырыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілі, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті директорының орынбасары Сәуле Нұраханқызы Қабимолдаеваның сөз сөйлеуімен аяқталды.

Пленарлық отырыс шеңберінде сөз сөйлеушілердің баяндамаларын тыңдап, талқылай отырып және Қостанай облысы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі секцияларының жұмысы барысында ұсыныстар қабылданды, ақпаратпен Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының сайтында таныса аласыз.

Білім беру ұйымдары мен педагогтері ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Қостанай облысы әкімінің грамоталарымен марапатталды.

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us