Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

«Зерделі педагог» қорытындысы

"Өрлеу "БАҰО" АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ" Зерделі педагог "педагогикалық оқуларының қорытындысы шығарылды. «Зерделі педагог» педагогикалық оқуына  Қостанай және республиканың тағы басқа облыстарынан бастауыш сынып мұғалімдері белсене  қатысты.

 Өз жұмыс тәжірибесінен «Кәсіби шығармашылық жобаларын жүзеге асыру», «Әдістемелік тақырыптары, өзін-өзі жетілдіру тақырыптарын  іске асыру», «Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру», «Критериалды бағалаудың мәселелер  және  олардың шешу жолдары» бағыттарының жаңалық  элементтері  бойынша көрсете білген.

Бұл мұғалімдердің  жеке қызметін талдау және авторлық ұжымдардың тәжірибе қорытындылары болды. Тренажерлер, пәндер бойынша зерттеу тапсырмалар, ата-аналармен жұмыс – бәрі мұғалімнің жаңартылған  бағдарламасының стратегиясын енгізетіндігін  көрсетеді.

 

Ең үздік жұмыстарды атап өткіміз келеді:

  • Солтүстік Қазақстан облысынан келген Наталья Викторовна Ушакова;
  • Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің №8 орта мектебінің педагогы Салтанат Борамбайқызы Аймухамедова; критериалды бағалауды жүзеге асыру бойынша жұмыстың үйлесімді жүйесі туралы;
  • Рудный қаласы әкімдігінің №5 гимназия мұғалімі Лилия Николаевна Мастьянова;
  • Қарасу орта мектебінен Шаптур Светлана Владимировна бастауыш мектептегі сынып жетекшісінің маңызы туралы.

Ұсынылған материал мұғалімнің ұстанымын, оқушы мен мұғалімнің жаңартылған бағдарламадағы рөлін түсінуді көрсетті.

Қатысқан үшін алғыс айтамыз! Сертификаттар мен дипломдар институтымыздың сайтында орналасқан.

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us