Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

ВЗАИМОПОМОЩЬ И СОТРУДНИЧЕСТВО

2019 жылдың 20 маусымында "Өрлеу "БАҰО" АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ филиал директоры М. В.Слесарь басқа филиалдардан келген тренерлермен дәстүрлі кездесу өтті.

Ағымдағы жылы ынтымақтастық пен өзара көмек аясында "Өрлеу "БАҰО" АҚ филиалдарының тренерлері басқа аймақтарда жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстарын өткізуде. Бұл әр тренердің педагогикалық қызметіндегі құнды тәжірибе.

Қостанай облысының педагогтарын бірнеше курстарда Шығыс Қазақстан облысының, Алматы қаласының және республикалық біліктілікті арттыру институтының тренерлері оқытуда. Мұндай тәжірибе алмасу корпоративтік рухты арттырады және жаңа идеялар мен өзін-өзі жетілдіруге серпін береді. Тренерлер басқа өңірлердің мұғалімдерімен жаңа жағдайларда жұмыс істеуге мүмкіндік алады, бұл үлкен тәжірибе, пайдалы байланыстар, жаңа кәсіби дағдыларды алуға мүмкіндік береді.

Кездесуде Қостанай облысының педагогтарын оқытуға бірінші рет емес келген тренерлері болды. Олар: Е. М. Нұртазина, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, бастауыш сыныптарда білім беру мазмұнын жаңарту бойынша тренер (ШҚО), К. К. Нұрлыбаев, аға оқытушы, физика пәні бойынша білім беру мазмұнын жаңарту бойынша тренер (Алматы қ.), Л. В. Егорина, бастауыш сыныптарда білім беру мазмұнын жаңарту бойынша тренер (ШҚО), А. К. Сабиханова, география пәні )

Кездесу барысында "Өрлеу "БАҰО" АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ директоры М. В. Слесарь тренерлерге атқарылған жұмыстары мен біліктілікті арттыру курстарын өткізудің жоғары деңгейі үшін алғыс айтып, алғыс хаттар тапсырды.

Қостанай облысы білім беру ұйымдарының көптеген мақтау қағаздарымен Е. М. Нұртазина марапатталды.

Тренерлер өткен курстардан алған әсерлерімен бөлісті, жаңа идеялармен алмасты және филиал директорына жылы қабылдағандары үшін алғыс айтты.

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us