Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

КӨШПЕЛІ ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ: ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТАРДЫҢ БІЛІМІ ҮШІН

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ»-да облыстың әлеуметтік педагогтары үшін «Білім беру ұйымдарда әлеуметтік-педагогикалық жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру жүйесі» тақырыбында көшпелі тәжірибелік сабақ өтті.

Сабақ «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің №30 орта мектебі» базасында өткізілді. Әлеуметтік педагог Староконь М.М. білім беру ұйымдарда әлеуметтік-педагогикалық жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру жүйесі туралы, қазіргі мектепте әлеуметтік педагогтың мақсат-міндеттері туралы айтты және әлеуметтік-педагогикалық қызметін ұйымдастырудың негізгі қағидаларымен таныстырды. Сабақтың екінші  практикалық бөлімінде тыңдаушылар №30 орта мектеп мысалында әлеуметтік-педагогикалық жұмысын қарады.

 Көшпелі тәжірибелік сабақ барысында мұғалімдер әлеуметтік жұмысты  жоспарлау ерекшеліктерін қарастырды, ұсынылған мысалдарда талдау жұмыстар жүргізді, алған білімін өзінің тәжірибелік жұмысында қолдануға үйренді.

Сабақ қорытындысында әлеуметтік педагогтар өз жұмысына талдау жасап, қол жеткізген нәтижелерін бағалаумен  «Менің табысқа жету сатым» атты рефлексия өткізді

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us