Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

«ПЕДАГОГ ҚӨЗҚАРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ»

"Өрлеу "БАҰО"  АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ" «Педагог қөзқарасындағы әлем»  фотокөрмесі ашылды.Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының Қостанай, Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарынан 180 педагог, 200-ден  астам балаларға махаббат, табиғат сүйіспеншілігіне толы шығармашылық жұмыстарын  жіберген.

Көрме «Педагог қөзқарасындағы әлем» республикалық байқау аясында   жинастырылған.

Байқау мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтердің бейнелеу және сәндік-қолданбалы шығармашылығын  жан-жақты дамытуға, шығармашылық қиялын дамыту,  эстетикалық талғамын тәрбиелеу, шеберлік деңгейін көрсету үшін  өткізілді.

 Мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтері осы  байқауға үлкен қызығушылық танытты. Педагогтер әр түрлі тақырыптарда фотосуреттер жіберген, өйткені педагог әр күні балабақша табалдырығында балаларын қарсы алады және фотокамералардың  объективі  назарынан өтіп бара жатқан оның  қызықты сәттері , балалардың жанып тұрған көздері, олардың талапты, зерттеу көзқарасы және тағы басқа  жұмыстары  ұсынылған.

Жұмыстар "Өрлеу "БАҰО"  АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ"   холлында орналыстырылды. Онда кез-келген педагог қалаған  үздік жұмыс үшін   дауыс бере алады,   дауыс беру жәшігіне фотосуреттің ңөмірін салады. Сәттілік тілейміз! Байқау қорытындысы 21 маусымда  шығарылады.

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us