Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

ПОҚ ЖӘНЕ КУРС ТЫҢДАУШЫЛАРЫНА АҚПАРАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ШЕКАРАСЫН КЕҢЕЙТЕ ОТЫРЫП

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» институт қызметкерлеріне, оқытушыларға және курс тыңдаушыларына ақпараттық қызмет көрсету мүмкіндігін кеңейтуді жалғастыруда ...

Ол үшін «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» АҚ Павлодар филиалымен кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетуге шарт жасалды. РҒТК ұсынатын қызметтер -бұл кітапханалық-ақпараттық, анықтамалық, кеңес беру, инновациялық қызмет көрсету, соның ішінде кітапхананың электрондық сервистерін пайдалана отырып, on-line режимінде қашықтағы пайдаланушыларға виртуалды ақпараттық қызмет көрсету.

 Біздің ПОҚ мен тыңдаушылар үшін білім берудің теориясы мен практикасы мәселелері бойынша бірінші ақпарат түсті.  РҒТК мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының мәселелеріндегі жаңа әдістемелік ұсыныстардың, стандарттар мен талаптардың түскені туралы хабарлайды, сондай-ақ «Инновациялық педагогикалық технологиялар» тақырыбы бойынша диссертациялар тізімімен танысуды ұсынады.

Біз мамандарды ұсынылған тізімдермен танысуға және өз жұмысында ақпаратты пайдалануға шақырамыз.

Сонымен қатар, «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» АҚ-ның Павлодар филиалы институтымыздың жеке мерзімді басылымдарын және оқытушыларымыздың әдістемелік еңбектерін ілгерілету ісінде біздің серіктес болады.

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us