Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

ЖАҢА ДАҒДЫЛАР! " БІЛІМ БЕРУДЕ АДДИТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ"

 «Өрлеу» БАҰО» АҚ Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты базасында «Білім беруде 3D-принтинг технологиясын қолдану» білім беру бағдарламасы бойынша «Білім беруде аддитивті технологияларын қолдану» біліктілікті арттыру тренинг ұйымдастырып өткізді.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай филиалының екі оқытушысы Мусина Ж.А. және Абидов А.М. білім беру мазмұнын жаңарту аясында 3D-принтингтің құралдарын қолдану саласында біліктіліктерін арттыруға бірегей мүмкіндікке ие болды.

 Тренинг орта және қосымша білім беру ұйымдары мұғалімдерінің аддитивті технологиялардың алуан түрлерін біліп үйренуге, 3D-принтинг құралдарын педагогикалық үрдісіне енгізе отырып, жобалау дағдыларын дамытуға, тез дамушы технологиялар жағдайында мұғалімнің тұрақты кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған.

Оқу барысында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының оқытушылары 3D-модельдеу мен 3D-принтерін басқару негіздерін зерделеді, 3D-принтинг құралдарын қолдану арқылы сабақтарды жоспарлау мен жобалаудың негізгі әдістемелерін қолдану дағдыларын қалыптастырды; пәндерді оқытуда 3D-принтинг құралдарын қолдануды және  3D-принтерде басылған өнімдерді  құрастыру және қолдану саласында білім алушылардың жобалық қызметін  ұйымдастыруды үйренді.

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us