Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

ОБЛЫС ТӘРБИЕШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖАҢА БІЛІМ

2019 жылдың 10 сәуірінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілеріне арналған «Электрондық портфолио мен құралдар жасау» тақырыбы бойынша облыстық практикалық семинар өткізілді.

Заманауи мұғалім үшін электрондық портфолио оның жұмысының, педагогикалық қызметінің ажырамас бөлігі. Ол педагогке өз еңбегінің нәтижелерін талдап, жинақтап, жүйелеуге, өз мүмкіндіктерін объективті бағалауға, қиындықтарды жеңу және жоғары нәтижелерге қол жеткізу бойынша іс-қимылдарды жоспарлауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл мәлімделген біліктілік санатына сәйкестігіне сараптама жүргізу кезінде педагог жұмысының нәтижелілігі мен кәсібилігін бағалаудың баламалы түрі.

 

Тәрбиешілер заманауи тәрбиешінің жұмысына қажетті жаңа білім мен дағдыларды алды, сондай-ақ олар семинар тақырыбының маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті. Соңында мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері өз білімдерінің багажын толықтырғаны үшін алғыстарын білдіріп, алынған ақпарат оларға заманауи технологиялар мен талаптар әлемінде көмектеседі деп атап өтті.

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us