Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

 2019 жылдың сәуірінде  Меңдіқара ауданында  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» ұйымдастыруымен «Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы» ММ  базасы негізінде «Инклюзивті білім беруді ұйымдастырушылық-педагогикалық аспектілері» тақырыбы бойынша практикалық семинар ұйымдастырылып, өткізілді.

Семинардың мақсаты - білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі оқушыларға сапалы білім алуына жағдай жасау. Ерекше балалармен жұмыс жасайтын педагогтарды инклюзивті білім беруді ұйымдастырушылық-педагогикалық аспектілерімен таныстыру.

 Іс-шараға  42 мұғалім, мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және пән мұғалімдері қатысты.

 Семинарда мүмкіндігі шектеулі балаларға жалпы білім беретін мектеп жағдайында инклюзивті білім беру үшін жан-жақты кедергісіз ортаны құруға қатысты мәселелерді шешу, инклюзивті білім беруді жүзеге асыру сұрақтары қарасытырлыды.Сондай-ақ, қатысушылар жалпы білім беретін мектептердегі инклюзивті білім берудің рөлін арттыру бойынша ұсыныстар алды.

Семинар соңында мұғалімдермен кері байланыс жүргізіліп, мұғалімдер үшін  жалпы білім беретін мектепте инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың практикалық маңыздылығы анықталды. Алдағы уақытта мұндай пайдалы семинарлар өз жалғасын таба бермек. 

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us