Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ЖАС ПЕДАГОГТЕР ФЕСТИВАЛІ!

Қазақстандағы жастар жылы шеңберінде «Өрлеу» БАҰО» филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» 2019 жылдың 18 сәуір күні, жалпы білім беретін ұйымдар педагогтерінің кәсіби дамуын қолдауға бағытталған «Шәкіртке ұстаз болу-ірілік»жас педагогтер фестивалінөткізеді.

Фестиваль өткізудің мақсаты: жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін ашып көрсету, кәсіптік белсенділік пен азаматтық бастаманы дамыту, жас педагогтердің кәсіптік және әлеуметтік бейімделу үрдісін жеделдетуге ықпал жасау.

Фестиваль міндеттері: жас педагог қызметкерлердің өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі дамыту және өз бетінше кемелдену үшін жағдай жасау; жас педагогтердің шығармашылық, кәсіби бастамаларын іске асыруға деген уәждемесін арттыру; жас педагогтердің кәсіби байланыстар аясы мен ой-өрісін кеңейту; педагог мамандығының беделін көтеру.

 Фестиваль бағдарламасында:

  1. Салтанатты ашылуы.
  2. «Келіңіз танысайық» шығармашылық квест.
  3. Тәжірибе алмасу алаңдар жұмысы.
  4. «Таланттар отшашуы» Салтанатты жабылуы.

Фестивальге қатысу үшін еңбек өтілі 5 жылға дейінгі Қостанай облысының педагог қызметкерлерін шақырамыз!

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us