Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

МАЗМҰНЫ ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНІҢ ҮЗДІК САБАҒЫМ

2019 жылдың 1-30 наурызы аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» базасында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған «Орыс тілі сабақтарында 5-9 сынып білім алушылардың сөйлеу қызметінің дағдыларын дамыту» тақырыбында облыстық байқау өткізілді.

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында орыс тілі мұғалімінің шығармашылық әлеуетін іске асыру - іс шараның негізгі мақсаты болып табылды.

Таңдалған тақырып өзекті және уақтылы, өйткені білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында инновациялық педагогикалық тәжірибені тарату, педагогтың өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіру қабілеттерін анықтау міндеттер тұр. Заманауи сабақ балалардың қазіргі заманғы қоғам талаптарына сай қабілеттерін дамытуды қамтамасыз етуге, балаға үлкен өмірге белсенді түрде кіруге мүмкіндік беруі тиіс.

 

  Байқауға мазмұны жаңартылған білім беру бойынша біліктілікті арттыру курстарын өткен орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері қатысты. Қатысушылар байқауға «Тыңдалым және Айтылым», «Оқылым және Жазылым» номинациялар бойынша әдістемелік әзірлемелерін ұсынды.

 Көптеген байқау жұмыстары өздерінің жаңашылдығымен, бірегейлігімен және практикалық бағыттылығымен ерекшеленді, педагогтың кәсіби қызметін, заманауи әдістемелер мен әдіс-тәсілдерін қалай меңгергенін көрсетті.

Байқауға барлығы 55 адам қатысты.        

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us