Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ

2019 жылдың 26 наурызында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің  біліктілігін арттыру институтының  базасында білім берудің жаңартылған мазмұны аясында бастауыш сынып, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстары жалғасуда. Оқыту біліктілікті арттыру институтының аға оқытушылары Л. В. Климбей, Г. К. Бекмаганбетова, Г. С. Жусупова, Г. А. Ділдибекова жаттықтырумен жүргізіледі.

Курстың мақсаты: педагогикалық шеберлікті жетілдіру және критериалды бағалауды енгізу.

Курс тыңдаушылары сабақ барысында бастауыш сыныптар, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша оқу бағдарламаларының құрылымымен, оқыту әдістемесімен, пәнаралық интеграциямен танысады.

 

Курстарды өткізуге  120-дан 160-қа  дейін сағат бөлінеді,оның ішінде, практикалық сабақтар жаңартылған бағдарлама бойынша жоспарлауға бағытталған, онда мұғалім критериалды бағалаудың әдістері мен тәсілдерін, сараланған тәсілді, сондай-ақ баланың психологиялық жайлылығын ұйымдастыру мен шығармашылығын дамытуға бағытталған. Курс соңында тыңдаушылар курс бағдарламасын меңгеріп, өз сабақтарында жаңа әдістемелер мен оқыту тәсілдерін қолдана алады.

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us