Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

«ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ» - ӘЛЕМДІК ҒЫЛЫМИ ҚАУЫМДАСТЫҚҚА ЫҚПАЛДАСТЫҚТЫ ЖАЛҒАСТЫРАМЫЗ!

Әлемдік ғылыми қауымдастыққа ықпалдастықсыз қазіргі заманғы ғылымның дамуы мүмкін емес. Бүгінгі күні  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік Қоғамының филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»  «Педагогика ғылымы мен тәжірибесі» ғылыми журналын халықаралық ақпараттық кеңістікте алға жылжыту үшін тағы бір маңызды қадам жасады.

Осындай бірінші қадам «Педагогика ғылымы мен тәжірибесі» журналын РИНЦ-пен ықпалдастырылған eLIBRARY.RU ғылыми жарияланымдарының ірі ресейлік электрондық кітапханасында көрсетуге арналған келісім-шарт жасау болып табылады. Қазіргі таңда «КиберЛенинка» деген тағы бір танымал ғылыми электрондық кітапханамен жаңа келісім-шарт жасалды.

 «КиберЛенинка» жобаның ерекшелігі  - ғылым және ғылыми қызметін танымал ету, ғылыми жарияланымдардың сапасын  қоғамдық бақылау және пәнаралық зерттеулерді дамыту негізгі міндеттері болып табылатын ашық ғылым  (Open Science) парадигмадан құрылуы.

Қазіргі уақытта "КиберЛенинка" - әлемнің ашық мұрағаттар төрттігіне кіреді (Webometrics мәліметтері бойынша), оған жыл сайын шамамен 29 млн адам келеді, олар 1750 ғылыми басылымдар ішінен 148 млн ғылыми мақалаларды қарап шығады. Енді бүгін осы басылымдар арасында біз де бармыз!

Біздің журнал педагогика және психология мәселелерімен айналысатын көптеген пайдаланушылар үшін қажетті болады және «КиберЛенинка» Ғылыми электрондық кітапханада  өз орнын табады деп сенеміз!

«Педагогика ғылымы мен тәжірибесі» журналын насихаттау бойынша біздің жұмысымыз жаңа оқырмандарды тартуға және, әрине, біздің тұрақты авторлардың белсенділігін арттыруға,  білім берудің жаңа теоретиктер мен практиктерін қызықтыруға мүмкіндік беретіне сенімдіміз!

Біздің журналға және https://cyberleninka.ru/цифрлық платформаға қош келдіңіздер!

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us