Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ» БАЙҚАУЫ БАСТАЛМАҚ...

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ біріңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру мақсатында Басқарма Төрағасы Г.К.Ахметованың бұйрығымен білім беру ұйымдары үшін «Педагогикалық идеялар панорамасы» жыл сайынғы Республикалық бейнесабақтар мен бейнедәрістердің байқауын жариялайды.

Байқау Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» (10.01.2018  ж.)  және «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» (05.10.2018 ж.) жолдауларын жүзеге асыру шеңберінде өткізіледі.

 Байқаудың міндеттері үздік педагогикалық практикаларға қолжетімділікті қамтамасыз ету; білім беру қызметкерлерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту: ҚР виртуалды білім беру кеңістігінде үздік видеосабақтардың қорын көбейту болып табылады.

Байқау келесі бағыттардан тұрады:

  • мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудағы заманауи технологиялар;
  • орта білім берудегі заманауи технологиялар;
  • техникалық және кәсіптік білім берудегі заманауи технологялар;
  • жоғары білім беру жүйесінде оқытудың заманауи технологиялары;
  • қосымша білім беру жүйесінде оқытудың заманауи технологиялары.

Байқауға қатысу тілі: қазақ, орыс, ағылшын.

 

Құрметті Қостанай облысының педагогтары! Сіздер «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауына белсенді қатысып, жеңіске жетеді деп сенеміз!

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us