Orley-kost.kz here. !!!

  • Подробнее...

1

1

1

ЖАСТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАЙМЫЗ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ қызметкерлері Л.Н.Толстой атындағы ОӘҒК-мен Елбасының 2019 жылды Қазақстандағы жастар жылы деп жариялаған бастамасын қолдау мақсатында  ұйымдастырылған «Қуатты елдің жастары» кітап көрмесінің салтанатты тұсаукесерінің қатысушылары болды.

Мазмұнды да салтанатты көрмеде экономиканың, еліміздің қоғамдық және мәдени өмірінің барлық салаларындағы жас қазақстандықтардың белсенді өмірлік ұстанымынан көрініс беретін материалдар (100 басылымнан артық) ұсынылды.

Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет Басқармасы, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы, «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалы өкілдерінің қатысуы ісшараның маңыздылығын байқатты. Көрмені қазақ, орыс және ағылшын тілінде ұсынған жас жүргізушілер ісшара қатысушыларын ісшараға тарта алды, ісшараға қатысқан студенттер мен әскери қызметкерлер белсенді қатысып, көрменің ашылуын қызықты және шығармашылық концерттік нөмірлермен қолдау көрсетті.

 

Көрме жыл бойына кітапханада жұмыс жасап, жастар үшін ғана емес, сонымен қатар барлық ел мен әлемдегі заманауи жастар саясатының өзекті мәселелеріне қызығушылық танытушыларға қызықты болады.

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us