Orley-kost.kz here. !!!

  • Подробнее...

1

1

1

ДӘСТҮРЛЕРДЕН ИННОВАЦИЯЛАРҒА!

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» аталмыш білім ордасының  құрылғанына 70 жыл толу мерекесін атап өту аясында «Дәстүрлерден инновацияларға» тақырыбы бойынша ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысын өткізді.

Салтанатты жиынға Қостанай облысы білім беру ұйымдарының басшылары, аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары, мәдениет саласы ошақтарының басшылары, педагогикалық еңбек ардагерлері, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының қызметкерлері қатысты.

 Жиын институттың құрылу тарихынан сыр шертетін деректі фильмнің көрсетілуімен басталды. Филиал директоры М. В. Слесарь мерейлі жылдың берекесін келтірген көңілге қонымды қорытындысына тоқталып, атқарылған қыруар іске шолу  жасады.

 

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Қ.А. Қаткенов, Қостанай облыстық филиалы «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары А.К. Досмухамбетов, Қостанай әлеуметтік техникалық университеті ректоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, облыстық маслихаттың депутаты Қ.Қ. Жаманбалин, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті ректорының кеңесшісі, педагогика ғылымдарының докторы Р. Ч. Бектұрғанова, Қазақстан халқы ассамблеясы облыстық секретариаты меңгерушісі Б.Б. Аккужина, облыс мәдениет саласының өкілдері, сонымен қатар облыстық және республикалық байқаулардың жеңімпаздары мен белсенді қатысушылары, педагогикалық еңбек ардагерлері мінбеге шығып, өздерінің құттықтау тілектерін білдірді.

Институт қонақтары, әріптестері, үзеңгілестері, серіктестері мен педагогикалық еңбек ардагерлері «Өрлеу» филиалын осы бір маңызы зор датамен құттықтай отырып, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында алдағы уақытта атқарылатын сан алуан іс-шараларға өзара ынтымақтастықпен ат салыса беретіндерін жеткізді.

Институт тарихына терең үңілгісі келгендер үшін 70 жыл бойы әр кезеңде институтқа басшылық жасаған тұлғалар туралы директорлар галереясы атты арнайы көрме ұйымдастырылды.

Соңында, біліктілік жетілдіру институтының қалыптасу, даму және өнімді еңбек ету кезеңдерінде қосқан қомақты үлесі үшін филиал қызметкерлері мен еңбек ардагерлерін марапаттау рәсімі болды. 

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us