Orley-kost.kz here. !!!

  • Подробнее...

1

1

1

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ ГАЛЕРЕЯСЫ

 “Өрлеу” БАҰО” АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ біліктілікті арттыру институты директорлары галереясының ашылуы өтті. Ашылу салтанатында облыстық біліктілікті арттыру институтының дамуына қосқан әр басшының үлесі аталып  өтті.

Институттың қызметі   Гриненко Иван Григорьевич - алғашқы директор, талантты ұстаз және білікті басшы жұмысынан бастау алды. Оның жетекшілігімен мұғалімдердің біліктілікті арттырудағы кабинет жүйесі қалыптасып, курс өткізу, әдістемелік көмек көрсету, педагогикалық қызметкерлердің тәжірибелерін тарату бойынша алғашқы кәсіби командасы құрылды.

 Савченко Иван Иванович институттың қызметкерлік құрамын күшейтіп, Мелёхин Борис Дмитриевич кезінде институт жаңашыл педагог - жаңа форматтағы педагогты даярлады.

Институт тарихында ерекше орын алған тұлға - Закиров Камалбек Зәкірұлы,  ҚазССР еңбек сіңірген мұғалімі,  ұзақ жылдар бойы абыроймен басшылық жасаған, оның ізбасары Рузанов Петр Николаевич тәрбие үрдісіне кешенді әдістерді енгізу мәселелерін белсенді түрде қолға алды. Сонымен қатар институттың дамуына  Колесник Василий Николаевич және Золотухин Геннадий Николаевичтің де сіңірген еңбектері  зор.

Мануйлов Юрий Степанович, педагогика ғылымдарының докторы, талантты дәріскер, курстың ғылыми деңгейін арттыру үшін жүмыс жасап, көптеген отандық ғалымдарды тартқан. Қоршаған орта әдісі теориясы мен технологиясын түсіндіру бойынша жұмыс жүргізді.

Климчук Татьяна Александровна және Жаркенов Асқар Кәрімбайұлы түзету педагогикасы, курс өткізуді ақпараттандыру және білім мекемелерінің жұмыс тәжірибелеріне инновациялық технологияларды енгізу бойынша бірқатар жұмыстар жасады.

Осы бағытты Шалғымбеков Айбек Батырханұлы мен Ермағамбетов Темірғали Сұлтанұлы да нығайтты. Оларға 12-жылдық білім беру, “Өзін-өзі тану” сияқты жаңа бағыттағы курстарды ұйымдастырып өткізу міндеті жүктелді.

Қазіргі таңда институтты Слесарь Марионелла Васильевна басқарып отыр. Педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының құрметті қызметкері. Оның талмас еңбегі мен көшбасшылық қасиеттері арқасында Қостанай аймағының біліктілікті арттыру институтының жақсы қырлары сақталып, әрі қарай дамып, бүгінде қызметкерлерді қайта даярлаудың жаңа моделін құрастыру, инновациялық жобаларды жүзеге асыру және келешек жетістіктерге жету үстінде.

Галереяда көрсетілген әрбір директор - Институт тарихының маңызды бөлігі, өз ісіне жауапты адамдар.

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us