Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ»-да «Бастауыш  мектепте оқу бағдарламалардың ерекшеліктері және критериалды бағалау жүйесі» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған екі күндік семинар өтті.  Мақсаты – пәнді жүргізетін мұғалімнің кәсіби дайындығын қамтамасыз ету, критериалды бағалау техника және әдіс-тәсілдер қолдануда кәсіби шеберлігін жетілдіру.

Семинардың жұмыс барысында

• дүниетану, жаратылыстану, математика, орыс тілі пәндер бойынша білім алушылардың сабақта тиімді қызметін ұйымдастыру

• сараланған оқытуды ұйымдастыру

 • бағалау құралдарын әзірлеу

• жаңартылған бағдарламалар енгізу кезінде ресурстық қолдау деген мәселелер қарастырылды.

Семинардың бірінші сессиясы білім алушылардың тиімді қызметін ұйымдастыру, оқытудың неғұрлым ұтымды оқыту әдістерін іздеу және осы негізде  оқу-тәрбие процесін жетілдіруге арналған болды. 1-3 сыныптың оқу-әдістемелік кешендермен жұмыс жасау дағдылары атқарылды. Семинардың екінші сессиясының мақсаты – бағалау құралдарын әзірлеу бойынша дағдыларын жетілдіру. Практикалық бөлімінде семинарға қатысушылар бағалау әдістерін талдады және олардың маңыздылығын көрсетіп,  оқыту мен формативті, жиынтық бағалаудың өзара әрекеттестігінің тиімділігі туралы қорытынды жасады. Сонымен қатар оқу жетістіктерді бағалауда мұғалім  қызметінің іс-тәжірибесін жаңарту мақсатында критериалды бағалаудың әділдігін арттыру тәсілдері қаралды.

Қорытындысында білім беру мазмұнын жаңарту бойынша қызмет атқаратын мұғалімдердің тәжірибе алмасу бойынша алаңы ұйымдастырылды. Мұғалімдер жұмысына арналған әдістемелік материал ұсынылды.

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us