Orley-kost.kz here. !!!

  • Подробнее...

1

1

1

ҚОСТАНАЙ ЖЕРІНІҢ ЖОЛДАРЫМЕН

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚБАИ ұйымдастыруымен өтіп жатқан  «Қостанай жерінің жолдарымен» атты топонимикалық саяхат аяқталу үстінде. Осы іс-шараға қатысып ат салысқан бізден басқа 36 қатысушы Қостанай облысындағы өлкетану жерлерінің Гугл-картасын құрысты.

Жобаға қатысушылар туған өлкенің қызықты жерлерін тауып, олар туралы тың деректерді анықтады, матариалдар, фотосуреттер дайындау арқылы әңгімелер айтты, өз белгілерін картаға түсірді.  Сөйтіп, біздің картамызда Қостанай облысының ауылдары мен қалаларының, өзен-көлдерінің тарихынан сыр шертетін Алексеев тұрағы (Рудный қ.), Ыбырай Алтынсарин ашқан тұңғыш мектеп (Жанкелдин ауданы) белгілері пайда болды. 

Картадан енді өзіміздің белгілі отандастарымыз Маңдай батыр (Меңдіқара ауданы), Тұрсынбай батыр (Боровской селосы),Шақшақ Жәнібек (Қостанай қ.), Кейкі батырдың мавзолейі (Аманкелді ауданы) және Затобол кентіндегі Маңдай батыр атындағы мешітті  көріп білеміз. Жобаға қатысушылар көшелер мен саябақтарды картадан белсене көрсетіп, танымал тұлғаларға қойылған мемориалдық ескерткіштер, тағы да көптеген біздің облысымыздың даңқын асқақтататын басқа да жайттар туралы қызықты әңгіме қозғады. туралы. Карта бойынша саяхат құра отырып, бізге бұрын бейтаныс, бірақ-та бірден бір сирек кездесетін жерлерге тап боласың. Мысалы, Әулиекөл ауданы Құсмүрын к. №121 орта мектебінің «Родник» өлкетану үйірмесі бір құдықты тауып, оны тазартып, көзін ашып, біздің картаға түсіруді ұсынды.Зерттеушілердің жобалауыншадәл жас Шоқан осы құдықтан таза мөлдір бұлақ суын ішкен болуы мүмкін. 

Біз жобамызға қатысқандардың бәріне қызықты өлкетану жұмысын жүргізіп, гугл-карта сынды жаңа ресурсты меңгергені үшін алғысымызды айтып, алдағы уақыттағы бірлесіп атқаратын істерге арқау болатын осындай тәжірибеміз үзілмейді деген сенім білдіреміз.

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us