Orley-kost.kz here. !!!

  • Подробнее...

1

1

1

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 27 ЖЫЛ: БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕР

"Өрлеу "БАҰО" АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ»-да Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 27 ЖЫЛ: БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕР» атты пікірталас алаңы өтті. Іс-шараға филиалдың қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты.

Талқылауда маңызды тақырыптар қозғалды: «Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қостанай облысының құрылуы (1991-1996)» туралы "Өрлеу "БАҰО" АҚ филиалы "Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ-ның әкімшілік-ұйымдастырушылық мәселелер жөніндегі басқарма бастығы К.С. Тұяқова; «Тәуелсіздік жылдарындағы ТжКБ жүйесін жаңғырту» тақырыбы бойынша  "Өрлеу" БАҰО " АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ академиялық бөлімінің бастығы  Елена Михайловна Диденко; «Ауыл мектептерінің мәселелері кеше және бүгін?» тақырыбын филиалдың әдістемелік қамтамасыз ету және инновациялық даму бөлімінің бастығы К.Т.Ибрагимов; «Педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесі. Тәуелсіз Қазақстанда қалай жұмыс істеуге болады?» білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының меңгерушісі В.Ю. Дядечко;  «Білім беру жүйесінде IT –технологияларды дамыту. Мектеп проблемасын цифрландыру шешімін таба ма?» ақпараттық технологиялар бөлімінің бастығы Р.В.Худяков;  «Жаңа Қазақстандағы жаңа білім» туарлы «Өзін-өзі тану» НДО бағдарламасы бойынша тренері А.Н. Мускина айтып берді.

 

Іс–шара барысында филиал қызметкерлері «Мен үшін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні нені білдіреді?» немесе «Менің тағдырымдағы Тәуелсіздік»... атты бейне-сауалнама көрсетілді.

Іс-шара соңында филиал директоры М.В. Слесарь барлық әріптестерді мерекемен құттықтады!

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us