Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

«ӨЗ ОЛИМПІН» БАҒЫҢДАРҒАНДАР!!!

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ «Өз ОЛИМПІНДІ бағыңдыр» республикалық Форд Байярд интернет- конкурсы өз мәресіне жетті.

Конкурс 7 кезеңнен тұрды. Олар:

1 кезең – «Эврика»

2 кезең – «Көшбасшылық жарыс»

3 кезең – «Сәйкестігін тап»

 4 кезең – «Он сурет»

5 кезең  - «Қатені тап»

6 кезең – «Тапсырмалар калейдоскопы»

7 кезең – «Логикалық қорытынды».

Конкурстың әр кезеңі өз ерекшелігімен барлық қатысушыларды қызықтыра алды. Конкурсқа Республикамыздың әр өңірінен командалар қатысты. Конкурсқа қатысқан команда саны – 203-ке жетіп, 1218 қатысушыны құрады. 

Республикамыздың Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Түркістан, Алматы, Қарағанды, Атырау, Қызылорда және Қостанай облыстарының командалары белсенділік көрсетті.

Соңғы  «Логикалық қорытынды» деп аталған 7 кезең барлық тапсырмаларды қорытып, қатысушылардың тапқырлағын көрсетті. Бұл кезеңде алдыңғы жиналған 6 кезеңнің құпия сөздерін жинап, кроссвордқа салу керек еді, кроссвордтың негізгі сөзі «Астана» болды. Бұл ойын Астананың 20 жылдығына арналған деп айтуға болады. 

Барлық жеңімпаздарға дипломдар, ал қатысушыларға сертификаттар беріледі. Диплом мен сертификаттар 2018 жылдың 21 желтоқсанында сайтқа жүктеледі.

Бір жарым ай бойы өз Олимптерін бағындырып, жүлделі орындарға ие болған командалармен http://orley-kost.kz/index.php/ru/konkursii сілтемесі бойынша танысуға болады. Барлық қатысушыларға алғыс айтып, құттықтаймыз.

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us