Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ "ТҰРАҚТЫ ДАМУ МҮДДЕЛЕРІНДЕ ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ: ЖАҢА СЫН-ТЕГЕУРІНДЕР»

"Өрлеу "БАҰО" АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ" ұжымы «Тұрақты даму мүдделерінде үздіксіз білім беру: жаңа сын-тегеуріндер» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Конференция ұйымдастырушылары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті.

Конференция Қазақстанның, сонымен қатар Ресей мен Италияның түрлі қалаларынан үздіксіз білім берудің өзекті мәселелерінің шешімдерін ғылыми іздестіру нәтижелерін қорыту және тарату мақсатында спикерлерді жинады. Барлығы 150 адам қатысты.

 Пленарлық отырыста филиал директоры М.В.Слесарь «Желілік орта қоғамды цифрландыру жағдайында педагогтардың үздіксіз білім беру факторы ретінде» тақырыбында баяндама жасады. Конференция барысын модератор ретінде Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ж.О.Жилбаев болды (Қазақстан, Астана). Тақырыпты талқылауға Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің (Қазақстан,Қостанай) академиялық жұмыс және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Г.А. Мұсабекова, ағылшын тілі маманы English Language Fellow Фати Томсон (Қазақстан, Астана), Т.Адерихина, білім беру және балалар құқығын қорғау бойынша ЮНИСЕФ үйлестірушісі (Қазақстан, Астана); А.Ж.Култуманова, ҚР БҒМ Боллон процесі және академиялық мабильділік орталығының директоры (Қазақстан, Астана); Гвидо Третиани, Верона университетінің профессоры (Италия,Верона), және Қазақстанның басқа да маңызды тұлғалары қатысты.

Конференцияның екінші бөлімі секциялық жұмыс форматында өтті, онда қатысушылар заманауи жаһандық сын-қатерлер жағдайында білім беру мәселелерін, көптілді білім беру мен көпмәдениетті тәрбие арақатынасын, Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы білім беру құндылықтарының мәселелерін талқылады.

Қатысушылар спикерлерге өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, алдағы бірлескен жемісті жұмыс үшін қызықты ұсыныстар енгізді. Конференция қорытындысы шығарылып, сертификаттарды тапсыру салтанатымен аяқталды.

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us