Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

ЖАҢАША ЖАЗЫП ҮЙРЕНЕЙІК!

 28 қарашасы күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары көшпелі-практикалық сабақ кезінде Рудный қ. әкімдігінің тілдерді оқыту орталығымен ұйымдастырылған зияткерлік-танымдық байқауға қатысты. Ісшара Тұңғыш Президент Күні қарсаңында өткізілді.

Қатысушылар Рудный қаласының мемлекеттік қызметкерлері, орталық қызметкерлері, байқау қатысушылары мен курс тыңдаушылары болды.

Аталмыш көшпелі практикалық сабақтың негізгі мақсаты: латын графикасын пайдаланудың артықшылықтарын түсіндіру, латын графикасына негізделген емле жобасын сынауда әдістемелік-консультациялық көмек көрсету.

 Ісшара барысында «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшу» жобасы бойынша емле ережелерін түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар мен қонақтар үшін тренингтік жаттығулар өткізілді.

Бұл филиал тыңдаушылары үшін маңызды тәжірибе болды, өйткені олар латын графикасының басымдылықтары туралы құнды білім алды. Соңында әр қатысушы болып жатқан тілдік өзгерістер туралы өз пікірін айтты.

 

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us