Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

«ҚАЗАҚСТАН-ҚОСТАНАЙ» ТЕЛЕКАНАЛЫНДА «ДЕЛА ЖИТЕЙСКИЕ» БАҒДАРЛАМАСЫНДА ҚОНАҚТА

«Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ атынан «Қазақстан-Қостанай» телеканалының «Дела житейские» бағдарламасында мектепке дейінгі, бастауыш оқыту және тұлғаны тәрбиелеу кафедрасының оқытушысы, білім беру мазмұнын жаңарту тренері Л.Климбей қатысты.

Студияда Қостанай қаласының білім беру мекемелерінің өкілдері жиналды. Диалог жақын аралықта білім ордаларында қазақстандықтарды не күтеді аясында өтті.

Бағдарлама қатысушылары Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары А.Сеитов Қазақстан Республикасында жан басына қаржыландыруды біртіндеп енгізу және жекеменшік мектептерді лицензиялау мен мектеп ғимараттарына қойылатын талаптардың өзгеруі жайлы баяндады.

 Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы әдістемелік кабинет меңгерушісі

 Т.Набатникова және «Өрлеу» филиалының аға оқытушысы Л.Климбей  білім беру жүйесін дамытуды жаңғыртудың негізгі бағыттары: жаңартылған білім беру бағдарламасын енгізу, педагогикалық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру, 2018-2019 оқу жылдары білім беру процессін ұйымдастыру туралы туралы аспектілеріне  тоқталды. Сонымен қатар бағдарлама қатысушылары ата-аналар Е.Глушкова, Р.Карагуловамен, үй тапсырмасын орындау жайлы әдістемелік нұсқаулықпен және толғандыратын басты мәселе – жаңартылған білім беру бойынша білім алушылар балаларды бағалаумен таныстырды. Мұндай жүйенің негізгі мақсаты сапалы бағалауға және тұлғаны дамытуға мүмкіндік беретін нақты критериймен объективті бағалауды айқындайды.

Ата-аналар Е.Глушкова, Р. Карагулова балаларының оқытушыларына уақытында көмек көрсеткендері және өз істерінің шеберліктері үшін алғыстарын білдірді.

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us