Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

БАЙҚАУ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК

Жыл сайын өтетін "Педагогикалық идеялар панорамасы" республикалық бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер конкурсына дайындық аясында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы |Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» байқау қатысушыларына арналған кеңес беру семинары өтті.

Семинарға мектепке дейінгі мекемелерінің ағылшын тілі педагогтары  қатысты, кеңесті мектепке дейінгі, бастауыш оқыту және тұлғаны тәрбиелеу кафедрасының аға оқытушысы Дильдибекова Г.А. өткізді.

Байқау Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында өткізіліп отырғанын еске саламыз.

 Семинар барысында педагогтар байқау туралы ереженің барлық бөлімдерін талдады, өздерін толғантып отырған сұрақтарына жауап алды және өздерінің жинақтаған жұмыстары мен осы аталған жұмыс барысында кездескен мәселелерімен  бөлісті. Оқытушы барлық сұрақтарға жауап берді, байқаудың облыстық және республикалық деңгейлерін өткізу кезеңдері, сабақтарды түсіру үрдісін ұйымдастыру бойынша түсініктемелер берді және байқау туралы ақпараттық буклеттер үлестіріп берді.    

Педагогтар  әрі қарай қатысу үшін толық ақпараттық мәлімет алды. Семинарға қатысып отырған педагогтардың көбісі видеосабақты құрастыру үшін белсенді жұмыс жасап жатыр, ал кейбіреулері енді ғана осы жұмысты бастағалы отырғандығын айтты.

Құрметті әріптестер! Өз күштеріңізді сынайтын уақыт келді. Қостанай облысы қатысушыларының  үлкен командасына қосылыңыздар.

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us