Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

Республикалық радио эфиріне қатысу туралы

«Өрлеу»  БАҰО АҚ Қостанай облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты бойынша 2018 жылдың 29 тамызында ҚР БжҒМ перспективті жоспарларды жүзеге асыру жөнінде  арнайы жол картасы жобасының Ұсыныстары шеңберінде «Қазақ радиосы» мемлекеттік радиостанция толқындарында «Сыныптан тыс уақытында патриотизмді тәрбиелеу» атты радиоконференция жүргізілді.       

Тікелей эфирде «Өрлеу»  БАҰО АҚ патриотизмді қалыптастыру контекстінде педагогтарды курстан кейін қолдау шеңберінде жүргізетін маңызды іс-шаралар талқыланды.

«Өрлеу»  БАҰО АҚ Қостанай облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ББҮППҚ кафедрасының аға оқытушысы Нурмухамбетова Акмарал Сакеновна  мен Тобыл орта мектебінің ғылыми әдістемелік жұмысы бойынша директордың орынбасары Нурсейтова Маржан Жумагазовна  «100 Жаңа есім» жобасы негізінде сыныптан тыс қызметі шеңберінде жүргізілетін патриотизмді тәрбиелеудің өзекті аспектілері жөнінде сөз қозғап, атқарылған жұмыс пен перспективті жоспарларын талқылады.

 Қазақстан Республикасы президентінің «Рухани Жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру шеңберінде жүргізілетін шаралардың маңыздылығы аталып өтілді.

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us