Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

Қосымша білім беру бойынша интернет-конференция

«Өрлеу»  БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ «Қосымша білім берудегі өзекті мәселелер: моделдер, проблемалар, келешек» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференция қосымша білім беруді жетілдірудің жағдайын талдау, проблемаларды анықтау мен даму перспективаларын дамыту, баланың жан-жақты дамуында қосымша білім берудің рөлін арттыру мақсатында  өткізілді. Және де баланы әлеуметтендіру мен оны өзгермелі өмірге бейімдеу мәселелері талқыланып, жаңашыл педагогикалық тәжірибе алмасу жүзеге асырылды.

Ғылыми-практикалық интернет конференция – кәсіби қарым-қатынас пен өсудің, біліктілікті арттырудың, өз жетістіктерін әріптестерге жариялаудың, түрлі жаңалық жайында пікір білдірудің, көптеген өзгерістер жайында бейхабар болмаудың жаңашыл және заманауи тәсілі.

 Интернет-конференция жұмысында балаларға арналған қосымша білім беру жүйесіндегі жаңашыл педагогикалық тәжірибені зерттеу және тарату мәселелері қарастырылды.  Және де тәрбие практикасы мен қосымша білім берудегі жаңашыл педагогикалық идеялар, білім беру технологиялары көрсетілді. Конференция жұмысына қосымша білім беру педагогтары, ұйымдастырушы-педагогтар, әлеуметтік педагогтар, қосымша білім беру мекемелерінің жетекшілері мен әдіскерлері, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, «Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалының оқытушылары қатысты.

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us