Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

Жаңа пән – жаңа тәсілдер

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ шілде айының 11 мен 22 аралығында «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнін оқытудың инновациялық тәсілдері мен әдістемелері»   тақырыбында орта білім беру ұйымдарының алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушы-ұйымдастырушыларына арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсы өтті.                                    

2018 жылдың қыркүйегінен бастап 10 сыныптарда «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» жаңа пәні енгізіледі.  Республикамыздың 37 пилоттық білім беру ұйымдарында 11 сыныптарда жаңа пән оқытыла бастайды. Сондықтан ұйымдастырылған курс жаңа пәнге бастама ретінде өзекті болды.

Біліктілікті арттыру курсы Қостанай Мемлекеттік Университетінің әскери кафедрасында өткізілді.  Педагог – ұйымдастырушылар өз білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алды. Курс барысында олар тактикалық және оқ ату даярлығы, әскери сап, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша практика жүзінде білімдерін толықтырып, әскери тәжірибесі мол, тәжірибелік өтілі көп мамандармен ой бөлісіп, тәжірибе алмасты.

 

Курс бағдарламасы орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында АӘжТД пәні бойынша оқытушы-ұйымдастырушылардың кәсіби құзыреттілігінің деңгейін арттыруға бағытталды. Курс барысында педагог – ұйымдастырушылар жаңартылған білім беру мазмұны тақырыбында, білім беру сапасына қойылатын жаңа талаптарға сәйкес сапалы білім беруді жүзеге асыру үшін қолданылатын жаңа әдіс – тәсілдер, әскери қызметті жетілдірудегі әдістемелер, робототехника туралы сұрақтарға жауап алды.

Курс барысында педагог – ұйымдастырушылардың алған жаңа әдіс – тәсілдер, әдістемелер мен білік, дағдылары жаңа пәнді оқытуда көп үлесін қосады деген сенімдеміз.

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us