Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

Топонимикалық саяхат «Қостанай жерінің жолымен»

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ білім беру жүйесінің кітапхана қызметкерлері мен қызығушылық танытқан педагогикалық қызметкерлерге арналған «Қостанай жерінің жолымен» тақырыбында облыстық желілік акция өткізілетінін хабарлайды.

Ерте заманнан бастап адам әр түрлі жерлерді, соның ішінде өзен, тау, көл, орман т.б болсын бір – бірінен айыру қажеттігін түсінген. Ол оларға бір белгілері бойынша аттар қойған... Сол географиялық атаулар – еліміздің бағалы тарихы.  Географиялық атауларды зерттейтін ғылым ол Топонимика (гректің «топос» — орын, жер, «онома» — атау деген екі сөзінен тұрады, яғни жер-су атаулары деген сөз), ол өлкетанудың ажырамас бір бөлігі. Біз сіздерге туған жеріміздің өткені мен қазіргі кезеңіне көз жүгіртіп, үлкен өлкетану жұмысын жасауға шақырамыз. Біз сіздерді  топонимикалық саяхатқа шақырамыз  - сіздер туған жердің қызықты жерлерін тауып, сол туралы ақпарат жинап, бәріне жеткізулерінізді сұраймыз.  Нәтижесінде Қостанай облысының өлкетану жерлерінің топонимикалық аттары белгіленген өлкетану-әдебиеттік Гугл-карта жасалады. 

 Осы акцияға негізгі түрткі болған Қазақстан Республикасының Президентінің сөзі болды: «Патриотизм өз еліне, ауылына, а мағына, өзінің кіші Отанына деген сүйіспеншіліктен басталады». 

Акция мақсаты: Президенттің «Туған жер» бағдарламасы бойынша алға қойған міндеттерінің бірін тәжірибеде іске асырып жүрген білім беру жүйесінің зерттеушілік шығармашылық қызмектерлерінің жұмысын ұйымдастыру.

Бұл акция Президенттің «Туған жер» бағдарламасында белгілеген міндеттерін жүзеге асыруда туған жердің табиғаты мен географиясын, тарихын кеңінен ашып, өлкетану жұмыстарына жастарды жұмылдарумен қатар кітапханашылардың зерттеушілік шығармашылығын ұйымдастырып, ктіпханашылардың, педагогтардың, білім алушылар мен олардың ата-аналарының ақпараттық сауаттылығын көтеру үшін өткізіліп отыр.

Акцияны өткізу туралы ереже, тапсырыс үлгісі (Қосымша1), материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар (Қосымша 2), сонымен қатар «Қостанай жерінің жолымен» желілік акциясына қатысушыларға арналған нұсқаулықты «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ сайтынан табуға болады.

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us