Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

«Қазақ тілі мұғалімдеріне арналған облыстық Distance квест»

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты  5-6 желтоқсан күні білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектептердің қазақ тілі мұғалімдерінің кәсіби қызметі шеңберіндегі пән бойынша білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын, мәселелерді шешу тәжірибесін тексеру, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жұмыс жасау үшін кәсіби құзыреттіліктерін арттыру мақсатында қазақ тілі мұғалімдеріне арналған облыстық Distance квест (олимпиада) өткізді.

Қашықтық ісшараға 550 адам қатысты, ол Қостанай облысының мұғалімдері болып табылады, сонымен қатар Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау, Павлодар облыстары мен Астана қ. мұғалімдері ісшараға қатысты.

«ӨЗ ОЛИМПІН» БАҒЫҢДАРҒАНДАР!!!

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ «Өз ОЛИМПІНДІ бағыңдыр» республикалық Форд Байярд интернет- конкурсы өз мәресіне жетті.

Конкурс 7 кезеңнен тұрды. Олар:

1 кезең – «Эврика»

2 кезең – «Көшбасшылық жарыс»

3 кезең – «Сәйкестігін тап»

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ "ТҰРАҚТЫ ДАМУ МҮДДЕЛЕРІНДЕ ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ: ЖАҢА СЫН-ТЕГЕУРІНДЕР»

"Өрлеу "БАҰО" АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ" ұжымы «Тұрақты даму мүдделерінде үздіксіз білім беру: жаңа сын-тегеуріндер» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Конференция ұйымдастырушылары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті.

Конференция Қазақстанның, сонымен қатар Ресей мен Италияның түрлі қалаларынан үздіксіз білім берудің өзекті мәселелерінің шешімдерін ғылыми іздестіру нәтижелерін қорыту және тарату мақсатында спикерлерді жинады. Барлығы 150 адам қатысты.

«БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІНІҢ ӨНІМДІЛІК ӘРЕКЕТІ РЕТІНДЕ КӘСІБИ КЕРІ БАЙЛАНЫСЫ»

 2018 жылдың 30 қарашасында «­Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сынып мұғалімінің өнімділік әрекеті ретінде кәсіби кері байланысы» тақырыбында олимпиада өткізді.

Олимпиада мақсаты: кәсіби шеберлігін әрдайым арттырып отыруға ынталандыру үшін, жоғары пәндік білім бар, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімді анықтау, қолдау және марапаттау.

ЖАҢАША ЖАЗЫП ҮЙРЕНЕЙІК!

 28 қарашасы күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары көшпелі-практикалық сабақ кезінде Рудный қ. әкімдігінің тілдерді оқыту орталығымен ұйымдастырылған зияткерлік-танымдық байқауға қатысты. Ісшара Тұңғыш Президент Күні қарсаңында өткізілді.

Қатысушылар Рудный қаласының мемлекеттік қызметкерлері, орталық қызметкерлері, байқау қатысушылары мен курс тыңдаушылары болды.

Аталмыш көшпелі практикалық сабақтың негізгі мақсаты: латын графикасын пайдаланудың артықшылықтарын түсіндіру, латын графикасына негізделген емле жобасын сынауда әдістемелік-консультациялық көмек көрсету.

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us