Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

Қаржы бөлімінің бас бухгалтері

 

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» қаржы бөлімінің бас бухгалтері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Біліктілік талаптары: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі (экономикалық, қаржы-экономикалық), басшы лауазымдардағы қаржы-бухгалтерлік жұмыс өтілі кемінде 2 жыл, 1С Бухгалтерия 8.3 білуі, кәсіби бухгалтер сертификатының болуы тиіс.

Функционалдық міндеттері:

- есеп саясатын жүзеге асыру бойынша іс-шараларды әзірлеумен есеп саясатын қалыптастыру;

- еңбекақы төлемдерін,  салықты есептеп жазу және қайта есептеуді қамтамасыз ету, түрлі деңгейдегі бюджеттерге жинақтарды жасау, банк мекемелеріне төлемдерді жасау;

- шаруашылық ішіндегі резервтерді анықтау, жоғалтулар мен өндірістік емес шығындарды жою бойынша шараларды іске асыру;

- бухгалтерлік құжаттаманы уақытылы және дұрыс ресімдеуді қадағалау.;

- филиалдың шаруашылық-қаржылық қызметінің бухгалтерлік есебіне ұйымдастыруды және материалдық, еңбек, қаржылық ресурстарын үнемді пайдалануды бақылауды, мүліктің сақтаулығын қамтамасыз ету.;

- бастапқы және бухгалтерлік құжаттарды, есептер мен төлем міндеттерін, еңбек ақы қорын шығындауды ресімдеу тәртібін сақтауды жүзеге асыру, негізгі құралдардың, тауар-материалдық құндылықтарды, ақшалай қаражатты түгендеуді өткізу, бухгалтерлік есеп пен есеп берудің ұйымдастырылуын тексеру, филиалдағы құжаттық ревизияны тексеру;

- шығынды, ақшалай қаражатты және тауар-материалдық құндылықтарды заңсыз жұмсаудың, қаржылық және шаруашылық заңнаманы бұзудың алдын алу бойынша шаралар қабылдау;

- шоттардың, типтік формалары қарастырылмаған шаруашылық операциялары үшін қолданылатын бастапқы есептеу құжаттарының формаларының жұмыс жоспарын дайындау мен қабылдау, ішкі бухгалтерлік есеп құжаттарының формаларын әзірлеу, мүлікті түгендеуді өткізудің тәртібін қамтамасыз ету, шаруашылық операцияларды өткізуді қадағалау, бухгалтерлік ақпаратты өңдеу технологиясы мен құжат айналымының ережелерін сақтау бойынша жұмысты басқару.;

- штаттық, қаржылық және кассалық тәртіпті, әкімшілік-шаруашылық және басқа да шығыстар сметасын қатаң сақтауды, жетіспеушіліктерді, дебиторлық берешектерді және басқа да шығындарды бухгалтерлік есеп шоттарынан есептен шығарудың заңдылығын, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын, оларды белгіленген тәртіппен мұрағатқа ресімдеуді және тапсыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүргізеді;

- есепке алу-есептеу жұмыстарын барынша орталықтандыру және ақпараттық технологиялардың қазіргі заманғы техникалық құралдарын, есепке алу мен бақылаудың прогрессивті нысандары мен әдістерін қолдану негізінде филиалда бухгалтерлік есеп пен есептілікті ұтымды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

Білуі тиіс:

- бухгалтерлік есеп туралы заңнаманы;

- қаржылық және тексеру- ревизиялық органдардың бухгалтерлік есепті және есеп беруді жасауды ұйымдастыру сұрақтары бойынша және Филиалдың шаруашылық-қаржылық қызметіне қатысты қаулыларын, тапсырмалары мен бұйрықтарын, басқа да басқарушылық, әдістемелік және нормативтік материалдарын;

- азаматтық құқық, қаржылық және салықтық заңнаманы;

- есептеу салалары бойынша операцияларды ресімдеу тәртібі мен құжат айналымын ұйымдастыруды;

- каржылық есептердің формасы мен тәртібін;

-тауарлық-материалдық құндылықтарды, ақшалай қаражат және басқа да құндылықтарды қабылдау, тіркеу, сақтау, шығындау тәртібін;

- дебитор және кредиторлармен есептесу ережелерін;

- заңды және жеке тұлғаларға салық салу шарттары;

- есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдары және оларды есептеу-есептеу жұмыстарын орындау үшін қолдану мүмкіндіктері;

- экономика, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру;

- ҚР Еңбек және еңбекті қорғау туралы заңнама;

- еңбекті қорғау ережелері мен нормалары.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар 2019 жылғы 05 тамызына дейін мына мекен-жайға жіберілуі тиіс: 110000, Қостанай қаласы, Пролетарская көшесі, 86, анықтама телефондары: 8 (7142) 53-30-08, 54-18-83(факс), электрондық мекен-жайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Конкурс 2019 жылдың 06 тамызында өтеді.

 Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

- конкурстық комиссия Төрағасының атына өтініш;

- кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы;

-  фотосурет (формат 3*4) / немесе оның электронды форматы;

- жеке басын куәландыратын құжат (ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер үшін -ықтиярхат);

- мекенжай анықтамасы;

- қажетті кәсіби білімін, жұмыс өтілін мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі туралы, біліктілігін арттырғандығы туралы, ғылыми дәреженің берілгендігі туралы құжаттардың көшірмелері, жұмыс орны бойынша кадр қызметтерінде немесе нотариуста куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмелері. Ескертпе: құжаттардың көшірмелерін үміткер жеке тапсырған жағдайда көшірмелерді растау талап етілмейді;

- белгіленген нысандағы медициналық анықтама (Ф086);

- қылмыстық құқық бұзушылық және сыбайлас жемқорлық құқық бұзыушылықты жасағандығы туралы мәліметтердің болуы немесе жоқтығы туралы анықтама;

- әскери міндеттілер әскери есепке қойылуын растайтын құжатты тапсырады.

- кәсіби бухгалтер сертификаты.

Конкурсқа келген бойда жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары тапсырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us