Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

ПҚ БА институтын (МЖИ) басқару жылдары)

Гриненко Иван Григорьевич

 

Бұл кезеңде курс өткізу, әдістемелік көмек көрсету, педагогикалық қызметкерлердің озық тәжірибесін жинақтау және тарату мақсатында мұғалімдердің біліктілігін арттырудың кабинеттік жүйесі ұйымдастырылды.
Ол дарынды мұғалім, тамаша әңгімеші,  тар жол, тайғақ кешуден өткен адам ретінде замандастарының есінде қалды.
    Өжет, табанды, қуғын-сүргінді басынан кешірген және ақталып шыққан ол мұғалімдер арасында беделге ие болды.

 


Савченко Иван Иванович

         Тың жерлерді игерудің кезінде Мұғалімдерді жетілдіру институты еліміздің барлық республикаларынан жіберілген кадрларды қайта даярлаудың мәселелерін шешті.
    Оның басшылығымен институттың кадрлық әлеуетін нығайту бойынша жұмыс басталды. Бұл кезеңде институттағы жұмыс үшін біздің облыстың үздік педагогтары шақырылды: Ленская М.К., Моисеенко В.Л. және т.б.    
    Мұғалім мамандығына деген сүйіспеншілік, инабаттылығы мен әдептілігі оған мұғалімдер сүйіспеншілігін сыйлады.


Мелёхин Борис Дмитриевич 

Бұл уақыт  - жаңашыл мұғалімдердің инновациялық әдістемелерін енгізу уақыты. Борис Дмитриевич институтты басқара отырып, жаңа форматтағы жаңашыл педагогты дайындау бойынша белсенді жұмыс жасады, мұғалімдерді оқыту үрдісінің жоғары уәждік атмосферасын жасады.
Білім беру жүйесіне қосқан үлесі үшін екі мәрте Еңбек Қызыл Ту ордені және Құрмет белгісі орденімен марапатталды.
Оның замандасы Ф.Я. Папаян: «Дарынды әдебиет пәнінің мұғалімі, энциклопедиялық білімді адам. Бұл қасиеттер  Борис Дмитриевичке облыс педагогтары арасында беделге ие болуға мүмкіндік берді,  мұғалімдер оның дәрістерін тыңдау үшін курсқа келуге талпынатын еді. Борис Дмитриевичтің сабақтары мәңгілікке есімде қалды, оның білімі мен қарым-қатынас мәнері  қызықты болды, өмір бойына беделді азамат болып өтті». 


Закиров  Камалбек  Закирович

 

Еңбекті ғылыми ұйымдастыру жылдарында мектепті басқарудың ғылыми деңгейін арттыру мәселелерін шешуге көп көңіл бөлінді. Камалбек Закирович тың совхоздарында жаңадан ашылған мектептердегі мұғалімдерді дайындаудың қысқа мерзімді курстарын жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде ұйымдастыра білді.
Халықтық білім беруді дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталды. Оған «Қазақ КСРО еңбегі сіңген мұғалімі», «Қостанай қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.    
    Закиров К.З. – Ұлы Отан соғысының қатысушысы, ол Эстонияны, Польшаны азат етуге қатысты.  Екі рет жаралы болды.  «Отан соғысы» орденімен марапатталды,  «Қызыл жұлдыз» орденімен екі мәрте,  «Варшаваны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медалімен,  екі мәрте «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

   Еңбек ардагері Р.А. Байсарина еске алады: «Камалбек Закирович – данышпан және ілтипатты адам; жас мұғалімдерді, мектеп директорларын үнемі қолдап жүретін». 


Рузанов Пётр Николаевич

    Тәрбие үрдісінің кешенді әдіс-тәсілдерін енгізу уақыты болды, интернационалды, еңбек және эстетикалық тәрбиелеу бойынша жұмыс жетілдірілді. Пётр Николаевич облыстың үздік мектептерінің озық тәжірибесін тарату бойынша үлкен жұмыс жүргізді, бұған МЖИ қызметкерлерінің аудандарға тексеру үшін үнемі іссапарға баруы септігін тигізді.
    Пётр Николаевич Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Новгород, Луга қалаларын азат етті. Ленинградты азат етуге қатысты.  Ауыр жарақат алып, 1944 жылы денсаулығына байланысты әскери міндеттен босатылды.  «Екінші дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «Ленинградты азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған.
    Оның бұрынғы әріптесі В.Ю.Дядечко: «Ол өзінің кәсібилігімен, сыпайылығымен, әр маманға деген сыйластық сезімімен ерекшеленді».


Колесник Василий Николаевич

Бұл кезеңде шығармашылық топтар, эксперименталды алаңдар дами бастады. Кеңес Одағының түрлі ғылыми орталықтарынан ғалым-дәріскерлерді шақыру бойынша белсенді жұмыс басталды.
 Материалдық-техникалық база нығайтылып, «Родник» педагогтарға арналған профилакторий ғимараты институтқа берілді. Мұғалімдердің курс кезінде тұру, сауығу жағдайы анағұрлым жақсарды.
Василий Николаевичтің басқару уақытында  Қостанай МЖИ республикадағы үздік деп танылып, КСРО ХШЖК Дипломымен, ҚАЗКСР Ағарту министрлігі мен жоғары мектеп және ғылыми мекемелер қызметкерлерінің кәсіптік одақ ОК ауыспалы Қызыл туымен марапатталды.
    ҚР білім беру ісінің үздігі Т.М. Калашникова: «Ол зиялы, адамгершілігі мол, парасатты, білім беруді терең білетін директор, ұжымдық шығармашылықтың ұйымдастырушысы болды».


Золотухин Геннадий Николаевич

 

Институт еліміздің жетекші педагогтары, ғалымдары, практиктері Б.З.Вульфов,  В.А.Караковский,  Л.И.Новиковамен өзара бірлескен жұмысты бастады. Олардың қатысуымен «Тәрбие жүйесінің модельдері» ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Институт Қостанай қ. №17 мектебінде мектеп директоры Ю.С.Когайдың басшылығымен тұңғыш психологиялық-педагогикалық зертханасын ашты.

Мұғалімдердің шығармашылық топтары отандық жаңа буын оқулықтарын сынау бойынша тәжірибелік-эксперименталды жұмыспен айналысты. А.Құнанбаев атындағы АМУ-нің автор-ғалымдары Т.Оспанов, М.Кондубаева, Р.Мендикенова, У. Т.Кульгульдинова, Т.Омарова және т.б. шақыра отырып, жаңа қазақстандық  бағдарламалар мен оқулықтарға көшу бойынша бастауыш сынып мұғалімдерінің мақсатты курстары өткізілді.

Облыста халықтық педагогика идеялары, Ұлы педагог Ы.Алтынсарин оқуларының идеялары белсенді енгізілді 


Мануйлов Юрий Степанович

 

Тұңғыш рет институтты басқаруға педагогика ғылымдарының докторы келді. Юрий Степановичтің басшылығымен педагог-зерттеушілердің Ассоциациясы құрылды,  білім берудің жаңа технологиялары мен басқа да өзекті мәселелер бойынша курстан өткен және шығармашылық есепті қорғаған мұғалімдерді жоғары санатқа ұсыну бойынша жұмыс басталды. МЖИ директоры дарынды дәріскер ретінде орталық әдіс-тәсілдің теориясы мен технологиясын түсіндіру бойынша үлкен жұмыс жүргізді.

Курстардың ғылыми деңгейін арттыруда отандық ғалымдар - Н.Оралбаева, К.Кожахметова, Ш.Таубаева, Ж.Караев, А.Жайтапова үлкен көмек көрсетті.
Бүгінгі таңда ұлы өзгерістер мен жетістіктердің жылдарын еске ала отырып, педагогикалық қызмет бойынша әріптесі А.А.Ткаченко: «Ю. С. Мануйлов – бүгінгі таңда ғылыми инвестициялар орталығын шығармашылық басқармайды, қазақстандық ғылым және мектебімен ынтымақтастықты белсенді жалғастыруда, академик Л.И. Новикованың шәкірті болып табылады. Ю.С.Мануйлов оның ғылыми дәстүрлерін жалғастырып, ашық принципиалды педагогиканы жасайды. Оның есімі қазіргі ғылымда орталық әдіс-тәсілдер теориясы мен дамытушы ортаны қалыптастыру технологиясымен тығыз байланысты».       


Климчук Татьяна Александровна

 

Институттың тұңғыш әйел директоры Татьяна Александровна педагогика ғылымдарының докторы Ю.С.Мануйловпен қаланған дәстүрлерді жалғастырды. Курстардың мазмұндық бөлімі ҚМПИ, педагогикалық колледждер, ББЖ КБАРИ, А.Құнанбаев атындағы АМУ жоғары білікті оқытушылармен, тәжірибелі практик-мұғалімдермен қамтамасыз етілді. Мәскеу, Қорған, Челябі ғалымдарымен ынтымақтастық жалғасын тапты.
Директор дамуында мүмкіндігі шектеулі балалармен коррекциялық жұмыс жасауға мұғалімдерді дайындау мәселесіне ерекше көңіл бөлді, педагогтарды осы жұмысқа жақсы дайындау үшін ӘБЕО Республикалық орталығының ғалымдары шақырылды.
Т.И. Набатникова: «Креативті тұлға, мобильді және шығармашылық ойлайтын, барлық жаңаға ашық адам, оның өмірлік оптимизмі мол».

 


Жаркенов Аскар Каримбаевич

 

Аскар Каримбаевич курстарды өткізуді ақпараттандыру мен білім беру ұйымдарының жұмыс практикасына инновациялық технологияларды енгізуге ерекше көңіл бөлді. Институттың материалдық базасы нығайтылып, мамандардың жұмыс орындары персоналды компьютерлермен жабдықталды.
Бұл уақытта «Білім-инфо» ғылыми-әдістемелік жаршысы шығарылды. Басқарушылық кадрларды дайындауды жаңа ғылыми деңгейге көтерді, ол үшін Алматы, Челябіден ғалымдарды шақырды. Келесі мәселелер бойынша курстар өзекті болды: жаңа формациялы педагогты қалыптастыру, оқытудың жаңа моделіне көшуге дайындық, 12 жылдық мектеп жағдайында құзыретті әдіс-тәсілді жүзеге асыру, заманауи менеджменттің ғылыми негіздері.

Білім беру ісінің үздігі  С.Г. Мачнёва есіне алады: «Аскар Каримбаевич алға қойған мақсатты жүзеге асыруға талпынады. Ол еңбексүйгіш, креативті менеджер. Қазіргі таңда республиканың үздік техникалық оқу орындарының бірі автомобиль көлігі колледжінің директоры болып табылады».       


Шалгимбеков Айбек Батырханович

 

Институттың ұжымы 12 жылдық білім беру моделінде жұмыс жасауға мұғалімдерді дайындау бойынша қарқынды жұмыс жүргізді, сараптама кеңесінің жұмысы жалғасын тапты. Облыста облБАИ директорлар орынбасарлары және аудандық (қалалық) әдістемелік кабинеттердің меңгерушілеріне арналған республикалық семинарлары, сонымен бірге «Мектепалды даярлық сыныбына 5 жыл: мәселелері мен келешегі» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.
ҚМПИ тарих магистрі Байдалы Рауан Жомартұлы есіне алады:
 «Қадірменді Айбек Батырханұлы менің ұстазым, жаны жайсаң атына-заты сай тұлға. Өте білімді, сөзге шешен, адамгершілігі мол. Магистратурада сабақ берді, кейін бірге жұмыс істедік. Өзінен кейінгілерге үлгі-өнеге бере алатын тұлға».
Т.ғ.к., ҚМПИ дүниежүзілік тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі Самаркин Сергей Владимирович: «Айбек Батырханович өз өмірін педагогикалық білім беруге арнады. Ол өте терең әрі парасатты педагог және ғалым. Оның біздің еліміз бен көршілес өңірлердің тарихы саласындағы жұмыстары тарих мамандарының және тарих мәселелерін зерттейтін қоғамның қызығушылығын оятады. Оны студенттер мен мектеп оқушылары сүйсініп тыңдайды, ЖОО оқытушылары мен мектеп мұғалімдері бағалайды және құрметтейді. Біз оған табыс тілейміз».

Ермагамбетов Темиргали Султанович

Бұл уақытта білім берудің жаңа моделін енгізу бойынша эксперименталды жұмыспен айналысқан зертхана ашылды. Зертхананың жұмыс тәжірибесі 2007 жылы Қостанай қаласында өткен «12 жылдық білім беруге көшу бойынша эксперимент: жағдайы, мәселелері, ізденістер» Республикалық семинар-кеңесін ұйымдастыруда пайдаланылды.
Облыстық мұғалімдердің біліктілігін арттыру институтының әдіскерлері келесі тақырыптар бойынша республикалық, өңірлік, облыстық алаңдардың кураторлары болды: 12 жылдық мектеп моделін енгізу, «Өзін-өзі тану» курстары, «Сапа философиясының негіздері», «Мектепте ағылшын тілін ерте оқыту».
    Аға оқытушы Л. Д.Галеня: «Директор әр маманның қабілеттері мен мүмкіндіктерін жақсы білетін, шығармашылық үшін жағдай жасады, бұл өз алдына ұжым жұмысының нәтижелілігін қамтамасыз етті».


 

 

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us