Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

       Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға сәйкес педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесін түбегейлі реформалау басталды.

       Үкімет Қаулысымен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы құрылды. Бұл қоғамның атауында терең мән жатыр, қазақ тілінен аударғанда шыңға шығу, алға басу, яғни үнемі даму, сапа, шығармашылық, шеберлік шыңына жету дегенді білдіреді. «Өрлеу» БАҰО» АҚ миссиясыкорпоративті басқару, курс мазмұнының жоғары ғылымилық деңгейін, инновациялық және практикалық бағыттылығын қамтамасыз ету негізінде педагогикалық кадрлардың біліктілігін жүйелі түрде арттыруды ұйымдастыру болып табылады.

       Республикалық біліктілікті арттыру жүйесін реформалау аясында басқарудың біріңғай вертикалын енгізумен бірге біздің облыстық БҚБА және ҚДИ-ы  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты болды. Бұл қайта ұйымдастырылу біздің басты мақсатымыз – облыстың білім беру жүйесіндегі педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттырумен айналысуға, дәлірек айтқанда,  кәсіби, құқықтық, коммуникативті, басқарушылық құзыреттіліктерді дамытуға, қазіргі білім беру технологияларына үйретуге мүмкіндік береді, бұл өз алдына педагог мәртебесін, беделін арттыруға, мектеп директорлары мен білім бөлімдерінің басқарушы қызметкерлерін қазіргі заманғы менеджментке оқытуға септігін тигізеді. 

      Институт қызметінің мақсатына сәйкес жаңа құрылым жасалды, осы құрылым біліктілікті арттыру курстарының мазмұны мен жұмыс формасын жаңартуға бағытталады.Екі кафедра, Деңгейлік бағдарламалар орталығы,  7 бөлім ашылды.   

     Кафедралар: мектепке дейінгі және бастауыш оқыту, тұлғаны тәрбиелеу кафедрасы, білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасы. Кафедралар жоғары білікті де тәжірибелі педагогтармен қамтылған. Сабақты 10-нан артық ғалым өткізеді, соның ішінде – бір педагогика ғылымдарының докторы, сегіз педагогика ғылымдарының кандидаты, екі магистр бар, олар – профессор Терновой И.К., доценттер - Альшанова Б.Х., Назмутдинов Р.А., Ниязбаева Н.Н., Садыкова А.К. және аға оқытушылар. 

     Біздің институттың ғалымдары мен практиктерінің ғылыми әлеуеті, зор кәсіби тәжірибесі қазақстандық және әлемдік тәжірибе негізінде педагогтардың біліктілігін арттырудың жоғары сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда біздің институтқа курс тыңдаушыларын заманауи білім беру технологияларына оқыту мақсатында шетел оқытушыларын шақыру мүмкіндігіміз бар. 

    Деңгейлік бағдарламалар орталығы Астана қаласында педагогикалық шеберлік Орталығының базасында «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ мен Кембридж университетінің Бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарында оқыған тренерлермен қамтамасыз етілген.

 

    2012 жылы «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ мен Кембридж университетімен әзірленген педагогтарды қайта даярлаудың жаңа үш деңгейлі Бағдарламасын енгізу бойынша жұмыс басталды.  Аталған курс тыңдаушыларының өз кәсібилігін арттыруға, өзін-өзі жетілдіруге тұрақты уәждігін дамытудың жағымды тенденциясы  байқалады. Мұны «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ мен Кембридж университетімен әзірленген жаңа форматтағы курстардың жоғары сұранысқа ие болуы дәлелдейді. 

    Біздің институтта аталған бағдарлама бойынша бірінші ағымда 128 мұғалім, ал екінші ағымда 222 педагог оқыды. Біліктілікті арттыру жүйесін жаңғыртудың басты жаңалығы – курс мерзімін үш айға дейін ұзарту мұғалімдермен жақсы қабылданды. Аудиторлық оқытудың бірінші кезеңінде тыңдаушылар бағалау жүйесін, креативті ойлауды, дарынды балалармен жұмыс жасаудың жаңа әдіс-тәсілдерін, сын тұрғысынан ойлау әдістемесін, оқытудың интерактивті әдістері және басқа да мәселелерді оқиды, екінші қашықтық оқыту кезеңде тыңдаушылар алған білімін өз мектебінде қолданады және оларға институттың тренерлері көмек көрсетеді, соңғы кезеңде мұғалімдер өздері әзірлеген портфолионы тапсырады. 

   Педагогтарды «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ мен Кембридж университетімен әзірленген Бағдарлама бойынша оқытудың нәтижелері бойынша курстар облыс мұғалімдеріне қазіргі психологиялық-педагогикалық ғылымның жетістіктерін, жаңа білім беру технологияларын, оларды өз практикасына бейімдеу және енгізу тетіктерін зерделеуге, өз тәжірибесін қайта ұғынуға, өз педагогикалық ойлауын өзгертуге, әр мектеп оқушысын білім мен ақпаратты алуға, білім беру үрдісіне қатысушының біреуі болуға үйрету мақсатында интерактивті оқыту әдістемесін меңгеруге жақсы мүмкіндік береді деген қорытынды жасауға болады. 2013 жылы осы бағдарлама бойынша 569 педагогты оқытуды жоспарлап отырмыз

  Практика көрсететіндей, оқытудың үздіксіздік сипаты мен педагогтың кәсіби жетілуін күшейте отырып, біліктілікті арттыру жүйесін ұйымдастырудағы мазмұн мен технологиялардың инновациялық амалдары ерекше мәнге ие

   «Өрлеу» БАҰО» АҚ бізге 2013 жылда біліктілікті арттыру курстарында педагогтарды оқытудың мазмұнын жаңарту бойынша бағыттардың тізімін ұсынды. Қазіргі уақытта аталған бағыттарды басшылыққа ала отырып, институттың кафедралары өзекті мәселелер –дарынды балалармен жұмыс жасау, инклюзивті білім беру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша, оқушыларды патриоттық, азаматтық және рухани тәрбиелеу бойынша бағдарламаларды әзірледі.Біліктілікті арттырудағы тиімді әдіс-тәсілдің бірі мектеп мұғалімдеріне, техникалық және кәсіптік білім беру педагогтарына курс тақырыбын таңдау, оқытудың түрлі траекторияларын таңдау құқығын беру болып табылады

   «Өрлеу» БАҰО» акционерлік қоғамы Қостанай облысының мектепке дейінгі тәрбиелеуді дамыту бойынша жағымды тәжірибесін ескере отырып, мектепке дейінгі білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша курстардың бағдарламалар кешенін әзірлеуді тапсырды.

  Осылайша, біз педагогтарға өз білім қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін және оларды өз кәсіби деңгейін арттыруға тиімді ынталандыратын икемді, кезеңдік, үздіксіз біліктілікті арттыру жүйесін жасау жолындамыз

    2012-2013 оқу жылының басында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Назарбаев Университеті студенттері алдында сөз сөйлей отырып, «Сендерге өзді-өздеріңмен үздіксіз жұмыс істеп, өз білімдеріңді, кәсіби құзырлылықтарыңды арттыру қажет» деген болатын. 

   Елбасының өсиеті тек студенттер үшін ғана емес, педагогтар үшін де бағдар, біздің «білім қоғамына» қарай қадам басуымыздың факторы болып табылады.

 

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us